Ливан полициясы барлау департаменті бастығының орынбасары Самир Шизаде жарақат алды, оның төрт оққағары қаза тапты. Жарылыс Самир Шизаде отырған мәшине өтіп бара жатқанда жасалды. Самир Шизаде Ливанның бұрынғы бас министрі Рафик Харириді өлтіру ісін тергеуде басшылық қызмет атқарған делінеді.