Үстіміздегі аптаның 8-9 қыркүйек аралығында АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Ричард Баучер Астанаға ресми сапармен келмекші. Ресми Астананың мәліметіне қарағанда АҚШ мемлекеттік хатшысы орынбасарының бұл келісінің мақсаты алдағы айлардың бірінде болатын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары жөнінде болмақ.
Қазақстанның сыртқы істер министрінің өкілі Ержан Ашықбаев үстіміздегі аптада Астанаға бірқатар шетелдік жоғары лауазымды тұлғалардың ресми сапары жоспарланып отырғанын айтты. Соның бірі АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Ричард Баучердің сапары болады деп күтілуде. Ричард Баучер мырзаның Қазақстанға сапарының мақсаты жөнінде сыртқы істер министрінің арнайы өкілі Ержан Ашықбаев былай деді:
– Сапар барысында екі жақты ынтымақтастықтың келешегі, сондай-ақ Елбасының Америка Құрама Штаттарына алдағы сапарын талқылау мақсаты, еліміздің бірқатар саяси басшылармен кездесулер жоспарланып отыр.
АҚШ елшілігі баспасөз қызметінің өкілі Мариана Курносова: «АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Ричард Баучердің Астанаға сапарының мақсаты жөнінде бізге белгісі әзірге бір ғана мәселе - екі жақты қарым-қатынас мәселесі» деді «Азаттық» радиосына.
Бұған дейін АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Ордвей бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында Қазақстан басшысының АҚШ-қа сапары таяу күндері болады, бірақ дәл уақыты әлі белгіленген жоқ деген болатын.
Джордж Ордвей Қазақстан президентінің мемлекеттік сапары барысында күн тәртібінде әдеттегідей екі елдің өзара қарым-қатынас мәселесі қаралады, өйткені біздер стратегиялық әріптестерміз деген еді. АҚШ Елшісі сонымен бірге, «Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдардан бастап, жаппай қырып жою қаруларын таратудың алдын алу жөнінде бірге жұмыс істеп келе жатырмыз және халықаралық лаңкестікке қарсы күрес саласы бойынша да бірге жұмыс істейміз», деген-тін. Джордж Ордвей журналистер алдында экономикалық сала, әсіресе шикізатқа байланысты Қазақстан мұнайын әлемдік нарыққа шығару үшін инвестициялық мүмкіндіктер туғызуға қол ұшын беріп жатырмыз деген еді. Сонымен қатар Джордж Ордвей АҚШ Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігі үшін көмек көрсетіп келе жатқанын да тілге тиек еткен болатын.
Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Серікбай Әлібаев «Азаттық» радиосына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары егер орындалса Қазақстан үшін беделді екенін жасырмайды:
– Әрине, Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары орынды. Өйткені, АҚШ дамыған, әлемдегі алдыңғы қатардағы мемлекет деп айтуға болады. Онымен Қазақстанның тығыз қарым-қатынаста болғаны дұрыс. Алайда, үстіміздегі жылы қазан айында Нью-Йорк қаласында «Қазақгейт» ісі бойынша сот отырысы жалғасатындығын да білеміз.
Серікбай Әлібаев Парламент Мәжілісінің депутаты болып тұрған кезде әріптестерімен бірге АҚШ сотында қаралып жатқан атышулы «Қазақгейт» ісі бойынша тиісті ресми орындарға сауал жіберген болатын. Бірақ, оған Қазақстанның ресми орындарынан нақты жауап ала алмағанын айтады Серікбай Әлібаев. Осы «Қазақгейт» ісіне байланысты Қазақстан басшысының АҚШ-қа ресми сапары орындалмауы да мүмкіндігін жоққа шығармайды экс-депутат Серікбай Әлібаев.
- Өйткені, «Қазақгейт» ісі бойынша қаралатын сот шешімінің қалай болатынын АҚШ президенті Джордж Буш та білмейді, біздің елдің басшылары да білмейді. АҚШ соты тәуелсіз.
Нью-Йорк сотында қаралып жатқан «Қазақгейт» шатағына байланысты сот ісінде АҚШ азаматы Джеймс Гиффен өткен ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанның табиғи шикізат орындарын игеруге ынта білдірген шетелдік компаниялардан Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктеріне пара беруге делдалдық жасаған деп айыпталып отыр. Кейбір ақпарат құралдарының жазуына қарағанда, пара алған деп күдіктеліп отырғандардың арасында Қазақстанның жоғарғы лауазым иелерінің аты-жөні бар.
Сондай-ақ, бұл күндері Астанада Ұлыбританияның Еуропа істері бойынша Мемлекеттік министрі – Сыртқы істер министрінің орынбасары Джефф Хунның ресми сапары өтуде. Ресми Астана іссапардың мақсатын Қазақстан президентінің Ұлыбританияға биылғы қараша айындағы сапарын ұйымдастыру төңірегінде деп түсіндірді.