Украинаның жаңа бас министрі В.Янукович негізгі оппозициялық партияны жаңа үкіметпен өзара ынтымақтастыққа шақырып, елді дамытуға көмектесіңдер деген ұсыныс жасады.В.Янукович бұл жөнінде Парламенттің 1-сессиясында айтты. Бірақ оппозициялық партия жетекшісі Юлия Тимошенко, менің партиям сіздің үкіметіңізбен дос бола алмайды, деп қысқа қайырған.