Пәкістан президенті Ауғанстанға келді

Бүгін Пәкістан президенті Первез Мушарраф Ауғанстан президенті Хамид Карзаймен келіссөз жүргізу үшін Кабулға келді. Президенттер екі ел шекарасындағы соғысушылар мәселесін талқылайды деп күтілуде. Бұдан бұрын Ауғанстан мен Пәкістан үкіметтері бір-бірін шекараны бақылау үшін жақсы жұмыс атқармай отыр деп айыптаған болатын.