Тек бірінші жарты жылдықта жалпы сомасы 58 миллард теңгені құрайтын саудаларда мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңға қайшы келетін қателіктер табылған. Бұл туралы Астанада қыркүйектің 7 күні Қазақстанның қаржы министрлігінің қаржыны қадағалау және мемлекеттік тапсырыс жөніндегі комитет төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин хабарлады. Оның айтуынша, осы олқылықтарды және жемқорлықты жою үшін мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңды өзгерту керек және бұл жөнінде үкіметке ұсыныс жасалады, деді ол.
Қазақстан президенті Назарбаев жылдың басында жаңа үкімет мүшелерімен өткен жиналыста қаржы министрлігі бұрынғы басшыларға қарағанда жұмысты әлсіретіп жіберді деген еді. Оның айтуынша, органдар ашық жұмыс істемейді.
«Онда мемлекеттік тапсырыс бар. Барлығы осы министрліктің сатылатын органдары деп айтып жүр», - деген болатын президент.
Ол жолы президент былтырғы жылы өткізілген барлық тендерлерді тексеріп, ненің кімге және қаншаға сатылғандығын анықтауды тапсырған. Ал, прокуратура өкілдерінің айтуынша, осындай тендерлердің арқасында жеке шенеуніктер мен ұлттық компаниялардың лауазым иелері байып келеді. Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Сәулебек Жәмкенұлының «Азаттық» тілшісіне келтірген мәліметіне қарағанда, қазіргі қалыптасқан тендер өткізу жүйесі мемлекетке тиімсіз:
- Бәсеке таласын тек бір жаққа тиімді жасау үшін, тендерлерге қатысушыларға заңда жоқ талаптар қойылады, бұл бір. Екіншіден, тендерге бір басшыға бағынатын компаниялар қатыстырылады. Үшіншіден, ақша алған тендерлік комиссия өкілдері мемлекетке тиімді емес, өзіне тиімді компания үшін дауыс береді. Көптеген кәсіпкерлердің айтуынша, мемлекеттік сатып алу саласында өткізілетін тендерлер алдын ала келісілген келісімге айналып кеткен.
Қазақстанның қаржы министрлігінің қаржыны қадағалау және мемлекеттік тапсырыс жөніндегі комитет төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин өз тексерістерінің нәтижелерін келтіреді.
- Тек қана бірінші жарты жылдықта біз 58 миллардқа мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңға қайшы келетін қателіктерді тауып алдық, - дейді ол.
Сұлтанғазиннің айтуынша, мемлекеттік сатып алу заңын бұзған адамдар жауапқа тартылып жатыр:
- Бірінші жарты жылдықта біз 963 материалды заң органдарына бердік. 389 лауазым тұлғаларына әкімшілік шаралар қолданылды, тағы 201 әкімшілік тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды. Заңды бұзғандықтан біз 85 талапты соттарға бердік. Құрылыс мәселелерінде көп кемшіліктер бар, ауыз су бағдарламасын тексердік онда да осындай кемшіліктер табылып отыр.
Прокуратура мәліметінше, заңсыз тендер өткізгендер қатарында жол салушылар және су құбырын өткізетін кәсіпорындар көзге түскен. Тексеру көрсеткендей көп жағдайда құбырларды жөндеп немесе жаңадан салатын мердігерлер сапасыз жұмыс атқарып оған көп ақша сұраған. Ал, су ресурстары жөніндегі комитет шенеуніктері жұмыстың сапасыз орындалғанына қарамастан актілерге қол қойып орасан қаржы төлеп отырған, дейді тексеру өткізген прокурорлар. Мысалы, Астана маңындағы Қорғалжың елді мекеніндегі құбырды жөндеуге 82 миллион теңге төленген. Алайда, жөндеу жұмыстары аяқсыз қалған. Тұрғындар осы уақытқа дейін ескі тат басқан құбырдан су ішіп келеді. Ал, комитет шенеуніктеріне қарсы екі қылмыстық іс қозғалды. Су ресурстары жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Нұрлан Атшабаров бұл туралы былай дейді:
- Ауыз су мәселесіне байланысты екі нысан бар, Қорғалжың және Павлодар облысындағы нысандар тапсырылған мемлекеттік комиссияның актісі бар, оның түсініктемесін прокуратураға береміз. Олар аккредитивпен жылжып 2-3 айға кішкене кешіктіріліп тапсырылды, бірақ, жылдың аяғында аяқталды.
Қазақстанның қаржы министрлігінің қаржыны қадағалау және мемлекеттік тапсырыс жөніндегі комитет өкілдері тендерлерді халықаралық тәжірибеге сүйеніп өткізуді ұсынып отыр. Дамыған елдерде мемлекеттік тапсырыс туралы мәліметті жарияламас бұрын, маркетингтік қызметтер базарды зерттеп, арзан және сапалы қызмет ұсынатын компанияларды іріктеп алады. Сосын on-line режимінде тендер өткізіледі. Осылайша дербес қызығушылығы бар адамдардың араласуына тосқауыл қойылады адам факторы азаяды және тендерге көптеген кәсіпорындар қатысуға мүмкіншілік алады. Оның сыртында интернет сауда қағаз айналымын азайтады.
Бірақ, Қазақстанда бұл туралы әңгіме қозғалғанына 3 жыл болса да әлі еш нәтиже жоқ, дейді экономистер. Ал, Қазақстанның қаржы министрлігінің қаржыны қадағалау және мемлекеттік тапсырыс жөніндегі комитет төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазиннің айтуынша, алдағы жылдың наурыз айында алғашқы электронды сауда өткізілмпекші. Оған 23 мың мемлекеттік сатып алу субъектілері және 41 мемлекеттік сатып алу органдары қатысады, деді ол.