“Әл-Қаида” ұйымына жататын 19 жанкешті-лаңкестің 2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегінде Америка Құрама Штаттарындағы 4 жолаушы ұшағын басып алып, шабуыл ұйымдастырғанына 5 жыл болады. Жолаушы ұшағының екеуі Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығына, тағы бір ұшақ Вашингтоннан тыс Колумбия аймағындағы Пентагонның ғимаратына соғылып жарылса, Ақ үйге немесе АҚШ-тың Капитолий ғимаратына барып соғылуға тиіс-ау деген төртінші ұшақ, болжам бойынша, жолаушылардың қарсылық көрсетуі нәтижесінде АҚШ-тың батысындағы Пенсильвания штатында құлады. 11-інші қыркүйектегі шабуылдың салдарынан әлемнің 80 елінен келген 3 мыңға жуық адам құрбан болып, халықаралық лаңкесттікке қарсы АҚШ бастаған соғыс жарияланып, осы күнге дейін жалғасып келеді. 2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегіндегі лаңкестік шабуылдың 5-жылдығына арналған тізбекті хабарларымыздың бірінші бөлігінде сол күні болған қайғылы оқиғаны тағы еске аламыз.
2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегі – сейсенбі күні – Нью-Йоркте таң ата бастаған, болжам бойынша, күн ашық, ауа райы күткендегіден жылы болуға тиіс еді. Қала тұрғындары үшін күнделікті жұмыс күні басталып, бастапқы сайлауда қала мэрі үшін дауыс бере бастаған сәт. Бірақ... таңғы сағат 8.46-да ерекше шу мен көрініс жұрттың назарын елең еткізді. Боинг-757 ұшағы қаланың аспанмен таласқан зәулім ғимараттарының үстіне тиір-тиместей жақын ұшып өтті. Жолаушы ұшағының реактивті моторының құлақ жаратын шуы көпшілікті кідіртіп, ұшақты көзімен іздеуге мәжбүр етті. Олар Америка әуе жолдарының Бостоннан қатынайтын 11-інші рейс ұшағының биіктігі 415 метрді құрайтын Дүниежүзілік сауда орталығының солтүстік мұнарасына ұшып жеткенін көрді. Ресми билік бұл ұшақты 11-інші қыркүйектегі лаңкестік шабуылдарға “жетекші болды” деп танылған Мухаммад Атта өзінің өзге 4 сыбайласымен басқарып отырды деп есептейді. Ұшақта 94 жолаушы мен ұшқыштар болған.
Деректі фильм түсірушілер бұл көріністі Манхэттен көшесінде тұрып бейнекамераға түсіріп жатты. Олар 11-інші рейс ұшағының солтүстік мұнараға жетіп ұрған сәтін және оны өздерінің қалай қабылдаған сәттерін түсіріп алды, ал ұшақтың мұнараға соғылған дыбысы бір сәттен кейін барып естілді.
Боинг-757 ұшағы 110 қабатты Сауда орталығының 94-99-ыншы қабаттарының ортасына бұзып-жарып кіріп, оның мыңдаған литр жанар майы тұтанып, ғимаратты от жалыны жалмады. Төбеден қираған ғимараттың жарықшақтары мен сынған әйнектің сынықтары және кеңсе қағаздары көшелерге жаңбырдай құйылды. Бірнеше минуттан кейін Дүниежүзілік сауда орталығының от жалыны қаптаған мұнарасының көрінісін Си-Эн-Эн телеарнасы арқылы бүкіл әлем көріп жатты.
Тікелей эфирде Си-Эн-Эн телеарнасынан Кэрол Лин: “Бұл қазір ғана болды. Сіздер қазір ол жерде өте үрейлі жарылысты көріп отырсыздар. Бұл – Дниежүзілік сауда орталығы. Бүгін таңертең біз ұшақтың Дүниежүзілік сауда орталығының бір мұнарасына барып соғылғаны туралы әлі расталмаған хабар алдық”, деп хабарлады.
Алғашқы да әлгі бейнекөрініс жан түршіктіретін болса да, кездейсоқ оқиға сияқты көрінді. Нью-Йорк полициясы мен өрт сөндіру қызметінің бөлімдері және жедел дәрігерлік жәрдем мәшинелері де апат болған жаққа қарай ағылды. Американың Сауда орталығының солтүстік мұнарасындағы жағдай туралы хабар беріп тұрған АВС телеарнасының репортері екінші Боинг-757 ұшағы Дүниежүзілік сауда орталығының 415 метрлік оңтүстік мұнарасының 78-84-інші қабаттарына барып соққан сәтін түсіріп алды. Бұл – таңғы сағат 9-дан 3 минут өткенде, яғни бірінші ұшақтың соққысынан тура 17 минут өткенде болды. Екінші ұшақтың соққан сәтін АВС телеарнасы дикторының дауысынан-ақ байқауға болады: “Ол жерде қандай да бір құтқару шарасы бар-ау деп айту қиын. Енді естеріңізде қалсын...”, -дей берген диктор: - Ой, Құдай-ай!” деп, сасып қалды.
53 жолаушысы мен ұшқыштары бар екінші ұшақ АҚШ әуе жолдарының Бостоннан қатынайтын 175-інші рейсі болатын. Оны 5 лаңкес басып алып, ұшақты Дүниежүзілік сауда орталығына бағыттады деп есептеледі. Міне осы екінші ұшақтың шабуылынан кейін тиянақты ұйымдастырылған лаңкестік қастандықтың іске асырылып жатқаны анық болды.
Ал осы кезде АҚШ президенті Дж.Буш өзінің жаңа үкіметі мен оның бастамалары туралы әңгімелеп беру мақсатымен Флорида штатындағы Сарасота қаласының бастауыш мектебінде отырды. Оған жолаушы ұшағының солтүстік мұнараға барып соғылғаны баяндалды, бірақ ол “кездейсоқ оқиға” ретінде жеткізілді. Мектептегі кездесу жалғаса берді. Көп кешікпей Дж.Буш кеңсесінің бастығы Эндрю Кард мектеп оқушыларының тобымен отырған президенттің құлағына сыбырлады.
“Президент мырза, Дүниежүзілік сауда орталығына екінші ұшақ соғылды. Американы от жалыны қаптады!” - деп мәлімдеді Эндрю Кард.
Таңғы сағат 9.29-да мектептен шыға бересінде Дж.Буш осы шабуылдарға байланысты алғаш рет тіл қатты.
“Мен вице-президентпен, Нью-Йорк әкімімен, Федералдық тергеу бюросының директорымен сөйлестім; құрбандарға және олардың отбасыларына көмектесу үшін және осы лаңкестік актіні іске асырған адамдардың ізін кесіп, ұстау үшін федералдық үкіметтің барлық мүмкіндігін жұмылдыруға нұсқау бердім”, - деп мәлімдеді АҚШ президенті.
Бірақ лаңкестік шабуылдар әлі толастаған жоқ. Таңғы сағат 9.39-да АҚШ әуе жолдарының 63 жолаушысы мен ұшқыштары бар 77-нші рейс ұшағын тағы 5 жанкешті-лаңкес басып алып, ұшақты АҚШ қорғаныс министрлігінің Бас штабы – Пентагонға жеткізіп ұрды. Ұшақтың ішіндегі адамдарға қоса, ғимаратта шамамен 125 кісі құрбан болды.
Ал осы кезде Нью-Йоркте жүздеген өрт сөндіруші Дүниежүзілік сауда орталығындағы адамдарды құтқару және өртті сөндіру үшін тепкішекпен жоғары көтеріліп жатты. Бірақ көз аштырмайтын қара түтін мен шамамен 1.100 градусқа дейін баратын температура жоғарғы қабаттардағы қаншама адамның қандай қапасқа тап болғанын аңғартқандай болды.
Таңғы сағат 10.05-те Дүниежүзілік сауда орталығының оңтүстік мұнарасы қирап құлады. Бұл – ұшақ келіп соққан екінші мұнара болатын, бірақ ұшақ оның әлдеқайда төменгі қабаттарын ұрған соң болса керек, ол өз салмағын көтере алмай бірінші болып құлады. Ол құлай берген сәтте шаң-тозаң мен қара түтін басқан Манхэттен көшесінде мыңдаған халық жан-жақққа бытырай қашты.
Арада 5 минуттай өткенде шығыстағы Пенсильвания штатының көгінде арпалыс бастады. 4 жанкешті-лаңкес Америка әуе жолдарының Нью-Джерси штатының Нью-Арк қаласынан Сан-Францискоға қатынайтын 93-інші рейс ұшағын басып алды. Вашингтоннан жолаушыларды ала кету үшін ұшып келе жатқан әуе лайнерінде 38 жолаушы мен ұшқыштар болды. 93-інші рейстің жолаушылары сымсыз телефондары арқылы туыс-тамырларымен байланысып, Нью-Йоркке жасалған шабуылдар жайынан хабардар болған көрінеді. Жолаушылардың санаулы тобы, бір хабар бойынша, ұшақты бомба ретінде қолдануына жол бермеу үшін қаскүнемдерді өз күштерімен залалсыздандырмақ болған. Бірнеше минуттан соң ұшақ Пенсильвания штатының Шэнксвиль қаласының маңайындағы тоғайға барып құлады.
Ресми биліктің болжауынша, жолаушылардың әлгі іс-әрекеті, бәлкім, не Ақ үйді, не Капитолий ғимаратын лаңкестік шабуылдан құтқарса керек.
Сағат таңғы 10.28-де – Дүниежүзілік сауда орталығының солтүстік мұнарасы қирап құлады. Сауда орталығының 2 бірдей мұнарасының қирауынан 2.800-ден астам, оның ішінде 343 өрт сөндіруші құрбан болды.
Таң атқаны қазір ғана, ал АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі қызметтерінің шенеунектері лаңкестік шабуылдардың не аяқталғанын, не әлі жалғасатынын болжай алмады. Тағы неше ұшақ басып алынды немесе лаңкестік қастандықтың басқа жолдары жоспарланып отыр ма – ол жұмбақ еді. АҚШ президенті Дж.Буш Әскери әуе күштерінің Луизиана штатындағы базасына ұшып барып, сол жерден мәлімдеме жасады. Бірақ өзі жұртқа көрінбеді.
“Біздің қарулы күштеріміз елде және бүкіл дүние жүзінде сақадай сай тұр және біз үкіметтің іс-қимылын әрі қарай атқара беруі үшін қауіпсіздіктің барлық шарасын қабылдадық”, - деп мәлімдеді өз сөзінде Дж.Буш.