Қырғыз оппозиционерінің Польшада қамалуы Бішкекте наразылықтар тудырып жатыр

«Азаттық» радиосы Қырғыз қызметінің хабарына қарағанда, Қырғыз оппозициясының жетекшісі Өмірбек Текебаевтың қамалуына наразылық білдірген 800-дей адам Қырғызстанның оңтүстігі мен ел астанасы Бішкекке дейінгі күре жолды жауып тастаған. Шерушілер сөйтіп, Польшада есірткі тасымалымен айналысты деген күдікпен қамауға алынған оппозиционер Өмірбек Текебаевқа қолдау танытқан.