Ирақта шийттердің діни мерекесі қақтығыссыз өтті

Бүгін Ирақ өкіметі шийттердің діни мерекесі өтіп жатқан Кербала қаласындағы қауіпсіздікті қамту үшін бұл аймаққа 10 мың әскери күш орналастырғанын айтып отыр. Жүзмыңдаған шийт қажылары 9-шы ғасырдағы діни жетекшілері имам әл Махди әл Мундатхардың туған күнін атап өтті. Полиция діни мереке шеруінің бейбіт жағдайда аяқталғанын, бірақ қауіпсіздік шаралары жексенбіге дейін болатынын айтты.