Бүгін Ауғаныстанның оңтүстігінде НАТО күштері мен Ауған жасақтарының бірігіп өткізген медуза операциясы кезінде 50 шақты бүлікші жауынгер өлтірілген. Соңғы қақтығыстарда бір НАТО сарбазы мерт болғаны да айтылуда. Бүгін сонымен қатар, Варшавада НАТО-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері Ауғаныстанға көбірек әскер жіберу керек пе, жоқ па деген мәселені талқылап жатыр.