Бүгін Ауғаныстан астанасы Қабулда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, талибтер режиміне қарсы күрескен моджахедтердің жетекшісі ауғандық әскери қолбасшы Ахмад Шах Масудтың өлтірілгеніне 5 жыл толған күн аталып өтуде. Еске алу шаралары Қабулдың ұлттық стадионында Ауғаныстан президенті Хамид Қарзайдың қатысуымен өтуде. Ахмад Шах Масуд 2001 жылдың 9-шы қыркүйегінде қастандық құрбаны болған.