Рим Папасы өзінің туған жері – Баварияда 6 күндік сапарда жүр

МЮНХЕН: Жеке басының сапарымен өзінің туған елі – Баварияда жүрген Рим Папасы ХҮІ-ншы Бенедикт бүгін Мюнхен қаласының іргесінде ашық аспан астында дұға оқыды. Оған 250 мыңға жуық діндәр келіп қатысты. Понтифик Германияның оңтүстігіне барған 6 күндік сапарының барысында осылайша тағы 3 рет дұға оқымақшы.