М.Аббас пен Т.Блэрдің келіссөзі қандай нәтижемен аяқталғаны белгісіз

РАМАЛЛА: Бүгін Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Рамалла қаласында британ премьері Т.Блэр Палестина автономиясының президенті М.Аббаспен келіссөз өткізді. Оның қорытындысы әзірше хабарланған жоқ. Кеше Тель-Авивте Т.Блэр Израиль премьер-министрі Эхуд Ольмертке жолығып, оның ізінше Ольмерт ешқандай алғы талап-шартсыз Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббаспен кездесуге дайын екенін мәлімдеді.