Лаңкестікке қарсы Черногорияда да ауқымды күрес жүріп жатыр

БАЛҚАН ТҮБЕГІ: Өткен сенбі күні Черногорияда “лаңкестік қастандыққа дайындалды” деген айып бойынша 14 күдікті, оның ішінде 3 АҚШ азаматы тұтқындалды. Ұсталғандардың басым көпшілігі этникалық албандар, үшеуі – Балқан түбегінен шыққан АҚШ азаматтары көрінеді. Полиция бастығы Веселин Вельджовичтің хабарлауынша, бұл шара Албания жағымен бірлесіп іске асырылған және тұтқындау шаралары Черногорияда, Албанияда және Косово өлкесінде жалғасуы мүмкін.