БАЛҚАН ТҮБЕГІ: Бүгін Черногорияда елдің тәуелсіздігін қайта орнатқаннан кейінгі бірінші парламент сайлауы өтіп жатыр. Сарапшылардың ортақ пікірінше, мамыр айындағы референдумның қарсаңында болып өткен науқан барысында тәуелсіздік жариялауды қолдап шыққан солшыл-центристік коалицияның жеңіске жету мүмкіндігі басым. Бүгін сайланатын парламент енді тәуелсіз мемлекеттің стратегиялық мақсат-мүддесін айқындайтын Черногорияның жаңа конституциясын қабылдауға тиіс.