КАНДАГАР: Ауғанстанның оңтүсігіндегі Кандагар өлкесінде НАТО басқаратын халықаралық күштер мен ауған армиясының осы аптада жүргізген соғыс операциясы барысында 94 тәліптің көзі жойылды. Бүгін НАТО жариялаған хабарға сәйкес, барлық тәліп сенбі күні кешкісін басталып, бүгін таң ата аяқталған 4 шайқаста оққа ұшқан. Бірақ бұл хабарда халықаралық күштер мен ауған армиясының қатарында қанша адам шығыны болғаны айтылмайды.