Палестина лидері де ешбір алғы шартсыз Израиль премьерімен кездесуге дайын

АММАН: Бүгін өзара Амман қаласында өткізген келіссөзі барысында Мысыр президенті Хосни Мүбәрәк пен Иордания патшасы ІІ-нші Абдулла Израиль мен Палестина өкілдерін көптен бері үзілген бейбіт келіссөзін қайта жалғастыруға шақырды. Сонымен қатар екі лидер Палестина автономиясының ұлтты біріктіретін жаңа үкіметін жасақтауға бағытталған іс-әрекетті қолдайтындарын мәлімдеді. Оның алдында ғана осы күні Палестина президенті Махмуд Аббас британ премьері Тони Блэрмен келіссөз өткізіп, ешқандай алғы шартсыз Израиль премьер-министрімен мейлінше тез кездесуге дайын екенін мәлімдеген болатын.