Еуроодақ пен АСЕАН-ның 38 елі екі жақты сауда қатынасын талдауға кірісті

ХЕЛЬСИНКИ: Бүгін Финляндия астанасы – Хельсинки қаласында Еуропа мен Азия елдерінің 2 күндік саммиті басталды. 38 мемлекеттен жиналған лидерлердің басты назарында сауда қатынасы мен қауіпсіздік мәселесі тұр. Оған қоса Солтүстік Корея мен Иранның ядролық бағдарламалары маңайындағы саяси ахуалды да талдауға тиіс. Саммит өтіп жатқан ғимаратты таспен атқылаған анархистер мен ғаламдандыруға қарсы қозғалыстың 100-ден аса белсендісін полиция уақытша қамауға алды.