АҚШ президенті Джордж Буш америкалықтарды лаңкестік әрекеттерге қарсы күресте бірлесуге шақырды
Бұл үндеуін ол 11-қыркүйек оқиғасының 5 жылдығында сөйлеген сөзінде айтты. Ақ үйден сөйлеген осы сөзінде Буш мырза лаңкестікке қарсы күресті “өркениет үшін күрес” деп сипаттады. “Америка Осама бин Ладенді табады”, деді ол.