БІШКЕК: Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев Ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы Бұсырманқұл Табалдиевтің қызметтен кетуі жөніндегі өтінішін қанағаттандырып, ол лауазымға Елмырза Сатыбалдиевті тағайындады. Бүгін президенттің әкімшілігі, сондай-ақ, Құрманбек Бәкиевтің туған інісі – Жаныбек Бәкиевті қауіпсіздік қызметі төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатқанын растады.