Өзбекстаннан басқа түркі тілдес елдер лаңкестікке қарсы бірлесіп күреседі

СТАМБУЛ: Бүгін Түркия мен Әзірбайжан, Қырғызстан және Қазақстан сынды түркі тілдес елдердің ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері Стамбул қаласындағы келіссөзін аяқтады. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-парақшасында берілген хабарға қарағанда, 3 күндік кеңестің барысында лаңкестікке қарсы күрестегі көп жақты ынтымақтастықты тереңдеу жолдарына назар аударылды. Осы хабарға сәйкес, Стамбулдағы келіссөзге Ресей мен Украина және Түркіменстан өкілдері бақылаушы ретінде қатысты.