Пәкістан президенті “Талибан” соғысушылары қайта топтастырылған дейді

Пәкістан президенті Первез Мушарраф “Әл-Қаида” ұйымына қарағанда Талибан бүлікшілері көбірек лаңкестік күш болып табылады деп ескертті. Брюссельде Еуроодақ заңшығарушыларының алдында сөйлеген сөзінде Мушарраф Ауғанстанның оңтүстігінде Талибан соғысушылары қайта топтастырылған, оларды қазір бұрынғы талибан жетекшісі Муллаһ Омар басқаруда деп мәлімдеді.