АҚШ елшілігіне жасалған шабуылды кімнің жүзеге асырғандығы әзірше белгісіз

Сирия астанасы Дамаскідегі АҚШ елшілігіне жасалған шабуылға байланысты жауапкершілікті әзірше ешкім өз мойнына алмады. АҚШ Мемлекеттік Департаментінің айтуынша, сейсенбі күні рейд барысында ұсталған қарулы адам Сирия билігіне қазір мәлімет беріп жатыр. АҚШ-ы ол шабуылға байланысты тез әрекет жасағаны үшін Сирия үкіметіне алғыс айтты. Шабуыл барысында 4 адам қаза тапқан, олардың үшеуі шабуыл жасаған кісілер болса, ал біреуі Сирия қауіпсіздік жасағының офицері деп хабарланды.