Қыркүйектің 29-ы күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Джордж Бушпен кездеседі деп күтілуде. Ақ Үйдің баспасөз-хатшысы Тони Сноудың хабарлауынша, екі ел президенттері демократия мәселесі мен лаңкестікке қарсы соғыс және тағы басқа сауалдарды талқылайтын болады. Вашингтон бұдан бұрын Қазақстандағы адам хұқтары жағдайын сынаған болатын.