“Хамас” жетекшілігіндегі Палестина үкіметі отставкаға кету жөніндегі арызын тапсырды. Ал оның алдында Палестина президенті Махмұд Аббас пен премьер-министр Исмаил Хания біріккен ұлттық үкімет құру туралы келісімге қол жеткізген болатын. Енді президент Аббас қазіргі үкіметті ресми түрде таратып, жаңа үкімет құру үшін бір адамның кандидатурасын тағайындайды деп күтілуде.