Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Хавиер Солана мен Иранның ядролық мәселесі бойынша бас өкілі Әли Ларижани арасындағы кездесу кейінге қалдырылды. Бұл туралы Хавиер Солананың баспасөз-хатшысы хабарлады. Солана мен Ларижани бейсенбі күні Парижде кездеседі деп жоспарланған болатын. Енді Парижде Солана мен Ларижанидің көмекшілері кездеседі деп жоспарланып отыр.