Ресей орталық банкі төрағасының 1-ші орынбасары қарулы қастандық құрбаны болды

Мәскеуден хабарланғанындай, Ресей орталық банкі төрағасының 1-ші орынбасары Андрей Козлов сәрсенбі күні кешке белгісіз бір қарулының оғынан жараланып, артынша операциядан кейін қаза тапты. Сокольники ауданындағы ол шабуылда Козловтың көлік жүргізушісі де қаза тапты.