Бағдадта соңғы 24 сағаттың ішінде бірнеше жерден 49 адамның мәйіті табылды

БҰҰ-ның Ирақтағы елшісі бұл елдегі ахуал әлемдегі ең қақтығысты аймаққа айналғанын көрсетіп отыр деп айтты. Бейсенбі күні Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзінде Ашраф Қази егер ел үкіметі діни жікшілдік қақтығыстарды тоқтатпаса, Ирақ азаматтық соғыс қаупі алдында тұр деген. Бүгін сондай-ақ, Ирақ полициясы соңғы 24 сағаттың ішінде Бағдадтың бірнеше жерінен 49 адамның мәйітін тапқанын хабарлады. Олардың көбін әбден азаптап-қинап өлтірілгені анықталып отыр. Сәрсенбіден бері Бағдадта осылай өлтірілген 100-ден аса адамның мәйіті табылған.