Иран президенті Махмұд Ахмединежад дамушы елдерді бірлік пен ынтымаққа шақырды

Куба астанасы Гаванадағы Қосылмайтын елдер қозғалысының 14-ші саммитінде сөйлеген сөзінде ол осылай деген. Бұдан бұрын Венесуэла президенті Уго Чавес ядролық бағдарламасы турасындағы АҚШ-пен теке-тіресінде Тегеранға көмек қолын созуға әзір екендігін айтқан болатын.