АҚШ президенті Дж.Буш Конгрестің лаңкестік күдіктілерді тергеп-тексерудің нақты ережелерін белгілейтін заңды мақұлдауын сұрамақшы

Ақ үйде бұл жөнінде айта келіп, президент мұндай заң лаңкестік күдіктілерді тергеу мен соттаудың стратегиясын жасау үшін қажет деп атап көрсетті. Ол сондай-ақ терроршылар Америкаға тағы да шабуыл жасағылары келеді деген. АҚШ президенті бұл ойларын лаңкестер деп күдіктелгендерді соттау жөніндегі өз әкімшілігінің жоспарына Сенат күмән келтірген соң айтқан.