РАМАЛЛА: Палестина президенті М.Аббастың кеңесшісі Набиль Әмірдің бүгін хабарлағанындай, “Хамас” тобының Израильмен арадағы қазіргі бейбіт келіссөзге қатыспайтынын мәлімдеуіне байланысты М.Аббас ұлттық бірлік үкіметін жасақтау мәселесі бойынша “Хамас” тобымен арадағы келіссөзін тоқтатты. Бұл дағдарыс Палестина жағының Батыс елдерінен қаржылай көмек алу әрекетін жоққа шығаруы мүмкін. Батыс елдері наурыз айында Палестина үкіметіне “Хамас” тобы келген соң өзінің қаржылай көмегін тоқтатқан болатын.