ВАШИНГТОН: АҚШ-тың ресми өкілінің мәлімдеуінше, егер Теһран уран шикізатын байыту бағдарламасын ашық түрде уақытша тоқтататын болса, онда Вашингтон оның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзге қатысуға дайын. Франция президенті Жак Ширактың Теһранға қарсы жаза қолданудың нәтиже бермейтінін уәж етіп, әлемнің жетекші елдерін Иранмен арадағы келіссөзін жалғастыруға шақыруынан кейін, кеше АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Стивен Хэдли осылай деп мәлімдеді.