НЬЮ-ЙОРК: Судан президенті Омар Әл-Башир қантөгіс әлі жалғасып жатқан Дарфур өлкесіне халықаралық бітім күштерін орналастыруға тағы да қарсы шықты. БҰҰ-ының Нью-Йорктегі Бас Ассамблеясының сыртында Әл-Башир осы күні Дарфурға орналастырылған Африка одағы күштерін ұлғайтуға келісетінін мәлімдеді. Оның алдында АҚШ президенті Дж.Буш ресми Вашингтонның Дарфурда “геноцид саясаты іске асырылып жатыр” деп есептейтінін қайталап, БҰҰ-ы ондағы бітімгершілік күштерін өзінің бақылауына алу керек деп мәлімдеді.