Будапешттегі наразылық барысында 150-ден астам адам түрлі жарақат алды

БУДАПЕШТ: Кеше Мажарстан премьер-министрі Ференц Дюрчень Будапешттегі жаппай тәртіпсіздікке қайтып жол бермейтінін мәлімдеді. Мажарстан астанасындағы үкіметке қарсы шерулер дүйсенбі күні басталды. Өткен 2 түнде Будапештте шеруге шыққан халық пен полиция қақтығысып, 150-ден астам адам түрлі жарақат алды. Халық наразылығы премьер-министр Дюрченьнің сайлауда жеңіске жету үшін өзі және өзі бастаған Социалистік партияның елдегі экономиукалық ахуал туралы шындықты халықтан жасырып келгенін мойындаған бейнесюжет жұртқа мәлім болған соң басталды.