Еуропалық одақта Украина үкіметінің басшысы елдің басым бағыттары жайлы айтты

Бүгін Брюссельде Украина премьер министрі Виктор Янукович Еуропа Одағының ресмилеріне өз елінің басым бағыттарының бірі жемқорлықпен күресіп, экономикалық реформаларды жалғастыру деп айтқан. Янукович сонымен қатар, Украина Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшеліккке енуге ұмтылып, Еуропа Одағы ішінде еркін сауда аймағын құруға күш салады деген.