Қарағанды облысындағы шахтадағы жарылыс 40-тан аса адамның өмірін қиды

Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Қарағанды облысындағы шахтада орын алған жарылыстан қаза болғандар саны 40-тан асты деп хабарлады. Министрліктің мәлімдемесіне қарағанда, басқа жеті шахтер құтқарылып, ауруханаға жатқызылған. Сәрсенбі күні Шахтинск қаласындағы Миттал Стилл кәсіпорнының қожалығындағы шахтада метан жарылған.