Пәкістан президенті Первез Мушарраф Ауған билігін Ауғаныстандағы және Ауған-Пәкістан шекарасындағы Талибан мен әл Қаида жасақтарын тұсаулауда азғана іс атқарып отыр деп сынады. Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясында журналистерге берген сұхбатында Мушарраф, Пәкістан үшін бұл проблема 27 жыл бойы өзекті мәселе болып келеді деген. Оның алдында Ауған жетекшілері Пәкістанды өз еліндегі жауынгерлік топқа қарсы әрекет жасауға шақырған болатын.