Мажарстан оппоициясы премьер-министрді үкіметтен түсірмей басылар емес

БУДАПЕШТ: Кеше кешкісін Будапештте бірнеше мың адам премьер-министр Ференц Дюрченнің үкімет басынан кетуін талап еткен митингіге жиналды. Наразылық шарасы кейде жаппай тәртіпсіздікке ұласып, бірнеше күн жалғасып келеді. Сайлауда жеңіске жету үшін сайлаушыларды бірнеше рет алдағанын мойындаған Ференц Дюрчень биліктен кетпейтінін мәлімдеп отыр.