НЬЮ-ЙОРК: Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббас: “Автономияның келешекте құрылатын ұлттық бірлік үкіметі Израильді мемлекет ретінде мойындайды және қантөгістен бас тартады”, -деп мәлімдеді. Өзі бастаған ФАТХ қозғалысы ұлтты біріктіретін үкімет жасақтау мәселесі бойынша “Хамас” тобымен келіссөз жүргізген М.Аббас кеше БҰҰ-ының Бас Ассамблеясында осындай уәде берді. Алғашқыда “Хамас” ұйымы жасақтаған Палестина үкіметі Израильді мойындаудан, қарулы күресін тоқтатуды және Израиль мен Палестина арасындағы бұрынғы келісімдерді орындаудан бас татқан болатын.