НЬЮ-ЙОРК: НАТО одағы Грузиямен жақындасу жөніндегі келіссөзді белсенді жүргізу туралы шешімге келді. НАТО-ға мүше елдердің Нью-Йорктегі бас қосуында қабылдаған бұл шешім Грузияны әскери одаққа қабылдау жолындағы жаңа қадам есебінде қарастырылып отыр. НАТО-ның Бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффердің қадап айтқанындай, Грузиямен арадағы келіссөзді белсенді түрде жүргізу Тбилисидің өзіне де белгілі бір жауапкершілік жүктейді. Оның ішінде Схеффер грузин-абхаз және грузин-осетин жанжалдарының бейбіт жолмен шешілуінің маңыздылығын атап көрсетті.