Бейсенбі күні Ақордада Қазақстан президенті Н.Назарбаевқа сенім хатын тапсырған Голландияның Қазақстандағы жаңа елшісі Клаас ван дер Темпель мырза журналистер алдында батыстың белгілі мұнай компанияларының бірі – «Шелл» компаниясы Қазақстанда жаңа табылған мұнай кенішін игеру жөнінде кешікпей Қазақстан үкіметімен келісім шартқа отырады деген хабар таратты.
Оның айтуынша, «Шелл» компаниясы Қазақстандағы жаңа мұнай көзін игеру үшін үлкен контрактіге қол жеткізбекші. Алайда, Голландия елшісі «Шелл» компаниясының көзқұрты болып отырған Қазақстандағы жаңа мұнай көзі туралы кеңірек ақпарат бермеген.
Ал Алматыдағы Голландия елшілігі бұл жаңа келісім жөнінде «Азаттық» радиосының тілшісіне кейінірек толық ақпарат беретіндіктерін, өйткені мұнайға қатысты «Шелл» компаниясының келісім шарты болашақтың ісі дегенді хабарлады.
Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің таратқан дерек-мәліметтері бойынша, тәуелсіздік алғаннан бері Голландия Қазақстан экономикасына 12,9 млрд доллардың инвестициясын енгізіпті. Тек өткен жылғы екі ел арасындағы сауда айналымы 1,02 млрд долларға жеткен. Бұның ішінде Қазақстанның экспорты 877,7 млн долларды құраса, импорты 140,5 млн долларды құрайды.
Бүгінде Қазақстанда Голландияның капиталымен жұмыс істейтін 122 біріккен кәсіпорын тіркелген.
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев батыстың әйгілі компанияларының көбі тек Қазақстанның мұнайына ғана қызығып, ал Қазақстан экономикасының басқа салалаларына қызығушылық танытпай отырғандығын айтады. Батыс компаниялары Қазақстанда мұнай болған соң келеді, ал егер мұнай жоқ болған болса қайтер еді дейді Б.Тұрсымбаев.
Саясаткер, «Әділетті Қазақстан үшін» қоғамдық қозғалысының бас хатшысы Әміржан Қосанов Қазақстан мұнайын игеруші батыс компаниялары мен Қазақстан үкіметі арасындағы контракт, келісімдер ашыққа жариялануы керек, ал Шелл секілді мұнай компаниялары Қазақстан экономикасына қанша көлемде қаржы құймақшы, қандай мұнай көзін, қанша жылға игергелі отыр, бұның бәрі ашық болуы тиісті әрі бұл қоғам бақылауында болуы керек деген пікір айтады.
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевтың айтуынша, дәл қазір қоғамда үлкен дау-дамай туғызып отырған, қазақ мұнайының қызығына батып, қоршаған ортаны ластауға жол берген «Теңізшевройл» мұнай компаниясы мен Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрлігі арасындағы текетірес, жанжалдан түк те шықпайды. Өйткені, батыстың мұнай компаниялары Қазақстанда өздерін нағашыларының үйінде жүргендей еркін жағдайда сезінеді, олар Қазақстан заңына немқұрайлықпен қарайды, дейді ол. Ал компания тарапынан бұл жайтқа қатысты қандай да бір жауап алмақ болған талпынысымыз нәтжесіз аяқталды.