Йемен президенті Әли Абдұлла Салех қайта сайланды

Сайлау комиссиясының өкілдері ол 77 пайыздан астам дауыс жинады деп жариялады кеше. Әскери офицер Әли Абдұлла Салех Йемен елін 1990 жылдан бері басқарады. Осы жолғы сайлау 16 жылдан бері нақты сайлауға алғашқы рет ұқсады. Әли Абдұлла Салехке төрт кандидат бәсеке құрды. Оппозиция сайлау бұрмаланды деп мәлімдеді.