Оғулсапар Мұрадова қыркүйек айының алғашқы аптасында бас бостандығынан айрылып, көп өтпей түрмеде беймәлім жағдайда қаза тапқан болатын. Париждегі репортерлар тобының мәліметіне қарағанда, Түркімен әкімшілігі марқұм журналистің артында Ашғабатта қалған 3 перзентіне сырттан ешкімді жолатпай отыр екен. Сондықтан, халықаралық журналистер тобы, ол 3 баланың да, аналары секілді ауыр жағдайға түсіп немесе белгісіз құпия бір жерге алып кетілуі мүмкін деген қауіп айтады.