АҚШ, Франция және Сауд Арабиясы “Әл-Қаида” басшысының өлімін растамады

АҚШ, Франция және Сауд Арабиясы Осама бин Ладеннің қаза болғандығы жөніндегі хабарды растай алмайтындықтарын мәлімдеді. Францияда шығатын бір басылым арнаулы қызметтің дерегіне сүйеніп “Әл-Қаида” жетекшісі Пәкістанда сүзек дертінен қаза тапқан көрінеді деп хабарлаған болатын.