Шри-Ланка үкіметі мен көтерілісшілердің арасындағы бітімнің бұзылуы мүмкін

КОЛОМБО: Шри-Ланканың әскери-теңіз күштері “Тамил жолбарыстары” ұйымының бірнеше кемесін суға батырып, 70 партизан қаза болды. Әскери-теңіз күштері басшылығының хабарлауынша, түндегі кескілескен шайқас барысында үкімет күштері жағынан бірнеше әскери теңізші ғана жарақат алған. “Тамил жолбарыстарымен” арадағы соңғы үлкен қақтығыс тамыз айында болып, 100-деген адам көз жұмған болатын. Енді үкімет пен көтерілісшілердің 2002-нші жылы қол қойған бітімнің толық бұзылуы мүмкін.