Бір апта бұрын сот отырысынан қуылған С.Хусеин бүгін сот залына қайта жіберілді

БАҒДАД: Бүгін Бағдадта С.Хусеиннің қылмыстық ісін қарайтын сот қайта жалғасты. Экс-диктатор мен оның бұрынғы 6 сыбайластарына күрдтерге қарсы геноцид саясатын жүргізді деген айып тағылып отыр. Соттың кешегі отырысында адвокаттар сотты “заңдарды бұзды” деп айыптап, сот процесіне байкот жариялайтындарын мәлімдеген болатын. Өткен аптада сот төрағасының ауысуына қарсы дау шығарғаны үшін сот залынан қуылған Саддамның өзі бүгін отырысқа қатысты.