ТЕҺРАН: Бүгін Иранның ресми ақпарат құралдары хабарлағандай, президенттің бағалау комитеті “өзінің міндетін орындай алмады” деген шешім шығарғанын растаған соң Жақсы тұрмыс және әлеуметтік қамсыздандыру министрі Парвиз Каземи қызметінен кетті. Парламентке жолдаған хатында Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад оның орнына заңгер Абдолреза Месриді тағайындағанын хабарлады. Ахмадинеджадтың президент билігіне отырған 1 жылдың ішінде ең бірінші болып Әлеуметтік қамсыздандыру министрі өзгеріп отыр.