ТЕЛЬ-АВИВ: Израиль премьер-министрі Эхуд Ольмерттің мәлімдеуінше, еврей мемлекеті ешқашан ядролық қаруы бар Иранды көргісі келмейді. “Иерусалим Пост” газетінің бүгінгі санында шыққан сұхбатында Э.Ольмерт Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу үшін Израиль АҚШ-пен бірге әрекет жасар еді деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, АҚШ президенті Дж.Буш Иранның ядролық қару шығаруына жол бермеу үшін табанды түрде күреседі.