БАҒДАД: Ирақтың экс-диктаторы С.Хусеиннің қылмыстық ісін қарайтын Бағдадтағы сот мәжілісі оның адвокаттарынсыз бүгін қайта жалғасып, оған өз адвокаттарымен ақылдасуына немесе жаңа адвокат жалдауына мүмкіндік беру үшін бір аптадай үзіліс жариялады. Саддамның адвокаттары сот процесіне байкот жариялап отыр. Бүгінгі отырыста судьямен сөз таластырғаны үшін Саддам осымен үшінші рет сот залынан қуылды. С.Хусеин мен оның бұрынғы 6 сыбайланысына 1988-інші жылы күрдтерді жаппай қырды деген айып тағылып отыр.