Бүгін Берлинде Германиядағы мұсылман ұйымдарының бірінші форумы өткізіледі

Мұсылман ұйымдарының форумын ұйымдастыру бастамасын Германия Федеративтік республикасының ішкі істер министрі Вольфганг Шойбле көтерген. Конференцияның басты мақсаты - билік пен мұсылман қауымдастығының диалогын орнату. Германиядағы Мұсылмандар кеңесінің басшысы Аюп Аксел Кехлер газеттердің біріне берген сұхбатында бұны "тарихи оқиға" деп атады. Жалпы Германияда 3 миллионға жуық мұсылман тұрады.