Өзбек билігі оларды өткен жылғы Әндіжандағы қанды қырғынға жеткізген оқиғаларды ұйымдастырды деп айыптайды. Сотқа тартылғандарға заңсыз қару сақтады, жалған қырғыз паспортын жасады, астыртын әрекеттер ұйымдастырды деген айыптар тағылған. Жауапкерлер қатарында Акрамия қозғалысының негізін қалаушы Акрам Юлдашевтің қызы Гүлмира Мақсұтова да бар. Үкім бейсенбі күні шығуы тиіс.